Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте мектеп оқушысы терезеден секіріп кеткен

Шымкентте мектеп оқушысы терезеден секіріп кеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентегі №18 мектепте мектеп оқушысы екінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен. 9 сыныпта оқитын қыз осылайша өмірімен қоштаспақ болған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
Келеңсіз жағдай 20 ақпан күні қаладағы №18 мектепте болған. Ақшасын жоғалтып алған қыз қорыққаннан терезенің алдына шығып, өзін өзі тастамақ болады. Алайда мұғалімдер оны секірмеуге көндірген. Алайда жасөспірім олардың айтқандарына көнбепті. Болмаған соң мектепке жедел жәрдем қызметі мен полицейлер шақыртылған. Психологтар сөйлесуге тырысқан. Бірақ ол әрекеттердің бәрі нәтижесіз болып, қыз терезеден секіріп кеткен. Оны төменде тұрған ұстаздар құтқарып қалды. «Оқушымыз екінші қабаттан секіргенде оны біздің қызметкеріміз Асқар Үсенов ұстап қалды. Бір оған алғыс білдірдік. Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Себебі аздаған жарақат алған болатын. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне қайтарылды. Қазір ол оқушымен психологтар мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Мектепте осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар жүргізілуде»,-дейді мектеп директоры Гүлнар Омарова. Қазір сондай-ақ жергілікті полицейлер де оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр.   
 
inform.kz
26 ақпан 2018 ж. 2 472 0