Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО-да бір жасар сәби үйінің ауласында суға батып қайтыс болды

ШҚО-да бір жасар сәби үйінің ауласында суға батып қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында бір жасар бала өз үйінің ауласында 20 литрлік ыдыстағы суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға орын алған отбасы таядуа Бозанбай аулына көшіп келген.
«Бала аулада өзі жалғыз жүрген. Ол су құйылып тұрған ыдыстың жанына барып, су ішпек не ойнамақ болған. Сөйтіп ішіне құлап кеткен.
Баланы біраз уақыттан кейін туыстары тауып алған. Өкінішке орай, оны құтқару мүмкін болмады», – делінеді хабарамады.
Полицейлер оқиға орнын тексерді.
Өз кезегінде құтқарушылар ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады.
Stan.kz
30 шілде 2018 ж. 1 371 0