Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Анасы өзінің ұл-қызын өлтіріп, денелерін өртеп жіберген

Анасы өзінің ұл-қызын өлтіріп, денелерін өртеп жіберген

27 жастағы әйел асырай алмайтынын сылтау етіп, балаларын өлтіруге бел буған. Ол екі бірдей перзентін өртеп жіберген. Оқиға Ресейдің Нижегородская облысында орын алған.

Ресей тергеу комитетіндегілердің айтуынша, әйел 25 сәуір күні өзінің 4 жасар қызы мен 2 жасар ұлын көлікте буындырып өлтірген. Әйел өз үйінің алдында қылмыс жасап, сол күні балаларының денесінен құтылмақшы болған. Ол жанармай бекетінен от тұтатуға арналған сұйықтық сатып алып, Семеновский ауданына бет алған. Сөйтіп Шалдеж ауылының маңында өз балаларын өртеп жіберген.
Аңшылар көріп қоя ма деген үреймен ол отты сөндіріп, балалардың мүрдесін қайта салонға әкеліп қойған. Бұдан кейін Нижний Новгородқа жол тартқан. Араға бір күн салып көз жұмған ұлы мен қызын қайтадан Семеновский ауданына апарған. Сөйтіп адам тұрмайтын құрылыс алаңында өртеп, оқиға орнынан ізін суытқан.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті өз кінәсін толықтай мойындаған. Ол балаларын асырай алмағандықтан осындай қадамға барғанын айтқан.
Ведомстводағылар әйелдің ажырасқанын және ешқайда жұмыс істемейтінін атап өтті. Алайда әйел ай сайын автокөліктерді жалға алуға 40 мың рубль жұмсайтыны анықталды. Сондай-ақ, безбүйрек ана балаларын өлтірмес бұрын шетелге жолдама сатып алған екен.
Жақын арада күдіктіге қандай жаза кесілетіні анықталады. Сондай-ақ, оның ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін сараптама жүргізіледі.
Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
28 сәуір 2018 ж. 1 734 0