Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл салынды

Сотта анықталғандай, балалардың анасы-заңды өкілі кәмелетке толмаған балаларын ұзақ уақытқа өзінің қарауынсыз қалдырып, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамаған.
Құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігі басшылыққа алынып, 11 785 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі