Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскемендік азаматтар өртеніп жатқан үйге кіріп, тірідей жанып кете жаздаған балаларды құтқарды

Өскемендік азаматтар өртеніп жатқан үйге кіріп, тірідей жанып кете жаздаған балаларды құтқарды

Өскеменде екі ер адам өртеніп жатқан үйден балаларды алып шығып, құтқарып қалды.Қатты түтіндеп жатқан үйдің ішінде 6 және 4 жасар екі бала болған. Анықталғандай, олардың анасы пеш жағып, балаларды жалғыз қалдырып, өз жұмыстарымен кетіп қалыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kzбасылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы кезде көршілері Арман Қайсенов пен  Геннадий Семиков үйдің түтіндеп жатқанын көрген. Олар еш ойланбастан көмекке асығыпты. Екеуі үйдің терезесін шағып, өртеніп жатқан үйге кіріп, балаларды алып шығып, оларды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Арман мен Геннадий өздерін батыр санамайды. Кез-келген ер адам осылай жасар еді, дейді олар.
Геннадий Семиков «Титан» саяжай қоғамдастығында тракторшы болып жұмыс істейді. Ал Арман Қайсенов – «ТПО «АС» ЖШС-да жүк тиеуші.
Артынша куәгерлер өрт сөндірушілерді шақырған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 64 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды сөндірді. Нұсқалардың бірі бойынша, пешті салған және пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған болуы мүмкін.
Зардап шеккен балалар Ана мен бала орталығында жатыр. олардың жағдайы қалыпты.
Stan.kz
07 қаңтар 2019 ж. 1 035 0