Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жарылыстардың тоқтауын тілеп, дұға жасайық": Ғабидолла Әбдірахымов Арыстағы жарылыс туралы

"Жарылыстардың тоқтауын тілеп, дұға жасайық": Ғабидолла Әбдірахымов Арыстағы жарылыс туралы

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арыс қаласындағы жарылысқа қатысты пікір білдіріп, сабырға шақырды. Жарылыстардың тоқтауын тілеп, дұға жасайық, дейді ол

Шымкент әкімі қазіргі уақытта қалада Арыстан жеткізілген адамдарға арналған жатақханаларды дайындап жатқанын мәлімдеді.
«Арыс қаласында қайғылы жағдай. Әскери оқ-дәрі қоймасында өрт болды. Тұрғындарды эвакуациялау үшін жедел жәрдем көліктері мен автобустар жібердік. Қалада адамдарды қабылдау үшін жатақханаларды дайындаудамыз. Барлық қызмет толықтай дайын. Қажет болған жағдайда, еріктілерді көмекке шақырамыз. Әзірге мұның қажеті жоқ.
Барлығынан сабыр сақтап, жарылыстардың тоқтауын тілеп, дұға жасауын өтінемін. Шымкент қаласы үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ. Біз зардап шеккендерге көмектесудеміз», - деп жазды Әбдірахымов Instagram желісінде. 
Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді. 
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады.
24 маусым 2019 ж. 1 016 0