Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 200-ге жуық бала мешітте: Арыста эвакуация кезінде балалар адасуда

200-ге жуық бала мешітте: Арыста эвакуация кезінде балалар адасуда

Шымкент қаласының орталық мешіті эвакуацияланған тұрғындарды қабылдауда. Бас имамның орынбасарының сөзінше, оларға эвакуация кезінде ата-анасынан адасып қалған және балабақшалардағы балалар да жеткізілуде,

Орталық мешіттің бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміровтің сөзінше, дәл қазір мешітке 500-ге жуық адам жеткізілген.
Сонымен қатар ол ата-анасынан адасып қалған, балабақшалар мен лагерьлерден жеткізілген балалар саны шамамен 200-ді құрайтынын айтты. 
«Мүмкін болғанша, ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы ақпарат таратып жатырмыз. Балалар, әсіресе, балабақша жасындағы балалар көп. 
Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасын босатып, сонда орналастырып жатырмыз. Барынша көмек беруге тырысып бағудамыз. Қала халқына рахмет, сумен, азық-түлікпен көмектесіп жатыр», - дейді орталық мешіттің бас имамының орынбасары.
Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді. 
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады.

https://stan.kz  

24 маусым 2019 ж. 637 0