Өгей анасынан жәбір көрген үш қыз: Түркістан облысында шенеуніктер жаппай жазалана бастады

«Жалпы, жаға ұстатарлық бұл жағдайға селқостық себеп болып отыр. Сондықтан мектеп мұғалімдерінен бастап, директоры бар, білім бөлімі басшысы мен аудан әкімінің орынбасарының мәселесі майшаммен қаралатын болады», — дейді Раиса Шер.
Белгілі болғандай, оқиғадан кейін аудан әкімінің орынбасары, мектеп директоры мен орынбасары, үш қыз оқыған сыныптардың жетекшілері тәртіптік жазаға тартылыпты.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады.