БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Аудандық мәдениет үйінде аудандағы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.Алдымен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев және облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәдениет үйінің фоесінде ұйымдастырылған көрмемен және аудан мектептерінің жетістіктерімен танысты.
Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы баяндамасында өткен оқу жылындағы жетістіктерді, Елбасының «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам»-да көрсетілген «12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова жаңартылған білім беру ісінде озық жүйені құру, білім беру бағдарламаларындағы болып жатқан өзгерістерді, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары туралы баяндады.
Ауданда өткен оқу жылының ішінде "Қамбаш" балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында жүргізілген дайындық курсына 602 оқушы қамтылып, оларға ауданның озат тәжірибелі 90 білікті мұғалімі дәріс берді.
Сонымен қатар педагогтарды IT-құзіреттілігін арттыру бағытында 46 мектеп директоры, 155 мектеп директорының орынбасары, 57 педагог-психолог және 1831 мұғалім мен 16 тәрбиеші компьютерлік сауаттылық курстары бойынша (Күнделік, білімлэнд, ұлттық білім берудегі деректер қорымен жұмыс, ашық үкімет, электрондық қызмет т.б.) білімдерін жетілдірді.
2017-2018 оқу жылы мектеп бітірген 830 оқушының 96,27 пайызы түрлі оқу орындарына түскен.
Үстіміздегі оқу жылының өзінде түрлі республикалық танымдық сайыстарға 503 оқушы қатысып, 75 – і жүлделі орындардан көрінген.
Салтанатты шара соңында бірқатар аудан ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінінің және аудан әкімінің алғыс хатымен, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.