Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАХМАТ ОЙЫНЫ ОЙДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

ШАХМАТ ОЙЫНЫ ОЙДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

28 маусым күні  «Қамбаш» олимпиядалар және қосымша білім беру орталығында 6-14 жас аралығындағы балалар арасында облыстық шахматтан турнир басталды. Турнирге аудан әкімі М. Оразбаев,  облыстық білім басқармасы мен шахмат федерациясының мамандары және жас шахматшылар  қатысты. Турнирдің мақсаты  балалардың ой-өрісін дамыту, шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру болатын.Жиында Аудан басшысы сөз сөйлеп: « Бұл ойын мектеп оқушылары үшін ақыл-ойды дамытудың жақсы жаттықтырушысы.  Ендеше бүгінгі шахмат додасына қатысушыларға сәттілік серік болсын дей отырып, жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспін»,- деп жүрек жарды лебізін білдірді. Жарыс 28 маусыммен 6 шілде аралығында жалғасады деп  күтілуде.



30 маусым 2018 ж. 2 035 0