Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Спартакиада жеңімпазы

Спартакиада жеңімпазы

Шахмат-әлемдегі кең таралған ойындардың қатарында әрі тұлғаның ой-өрісін дамытуда орны ерекше. Біле-білсек, әлемдегі мықты- мықты саясаткерлер, топ-менеджерлер шахмат ойнап, табысқа жете білген. Американдық публицист Ричард Бах: «Ең әсерлі білім-сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» десе, Елбасымыз: «Шахмат ойыны адамның ақыл-ойын дамытады. Есептеуге үйретеді. Мемлекет басқаратын адам міндетті түрде шахмат ойнауы керек» деп, Астанада шахмат орталығы мен академиясы ашылатынын мәлім еткен болатын. Міне, бүгінде бұл спорт түріне қызығушылар қатары күн сайын артуда. Ауданымыздың өзінде ғана көптеген мектеп оқушылары шаршы тақтада талайларды састырып жүр. Мәселен, қаламыздағы Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ақжол Райғаниев жуырда оқушылар арасындағы спартакиададан жүлделі ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, Астана қаласында өткен республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасынан ІІ орынды жеңіп алды. Бұл да мектебіміз үшін үлкен абырой болды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін шәкіртімнің биік белестен көрінуі мерейімізді тасытты. Біз де үнемі ізденіс үстінде жүретін дарынды шахмат ойыншысына тек сәттіліктер тілейміз. Сәкен ЖАҢБЫРБАЕВ
19 желтоқсан 2017 ж. 1 615 0