АУДАН БАСШЫСЫ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІН МАРАППАТТАДЫ

«Артылған сеніммен үмітті ақтаған түлектерге алдағы шығар шың мен биік белестерің көп болсын, білім көкжиегінде кемелдене түсіңдер», - деп ыстық лебізін білдірді. «Алтын белгі» иегерлеріне естелік сыйлықтарын табыстады.
Сондай-ақ, аудан бойынша ҰБТ -ден ең жоғарғы баллды иеленген №262 мектеп-гимназиясының оқушысы Айнұр Қаппарова мен барша ата-аналар атынан Әмірхан Жүсіпов әркез өздеріне тілеулес болып, қолдау жасап келген аудан басшылығы мен аудандық білім бөліміне және ұстаздар қауымына алғысын білдірді.
Шара соңында абыз ақсақал, ардагер журналист Ш. Дәрмағанбетов түлектерге ыстық ықыласымен бата беріп, одан әрі өнерпаз жастардың ән шашуы мен естелік суреттерге түсумен жалғасын тапты.
aral.gov.kz