Талғарда мүгедек жігіт үйінде балаларға шахмат ойнауды үйретіп жүр
Сал ауруына шалдығып, төсекке таңулы жатқан Талғар қаласының тұрғыны Алексей Вершинин үйінде балалар мен ересектерге шахмат үйретіп жүр.
Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Болашақ жаттықтырушы бір жаста болған кезде дәрігерлер оған бұлшық еттің семуі деген диагноз қойған. Дәрігерлер емделмейтін генетикалық ауруға шалдыққан баланың бес жылдан артық өмір сүрмейтінін болжады.
31 жастағы Алексей Вершининге шахмат ойнауды әкесі бала күнінде үйреткен екен. Бүгінгі күні төсекте таңулы жатқан Алексейдің тәрбиеленушілері қалалық және республикалық турнирлердің жүлдегері атанып жүр.
«Алексейдің әкесі зейнеткер, ол да мүгедек. Әрине бүкіл ауырпалық ананың мойнана түсіп отырғандықтан, оған қиын. Бірақ Алексей бұл жағдайға қарамастан өз білімімен бөлісуге күш тауып отыр», – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко.
Алексейдің ең жас оқушысы төрт жаста болса, үлкені қырық жаста. Қолдары мен аяқтары қимилсыз қалған жаттықтырушы шахмат сабақтарын өз үйде өткізеді. Алайда өткен қыста оларда үйді жылыту үшін пеш сатып алуға қаражаты жоқ болғандықтан, арнайы мектеп жабылып қала жаздады.
«Сол уақытта не істейтінімді білмедім. Бұл қыс өте қатал болды. Шахмат үйренуге келен балалар да мен тұмауратып қалдық. Ал мен балаларға шахмат үйретіп, олар үшін турнир ұйымдастырамын деген керемет жоспар құрып жүр едім», – дейді Алексей Вершинин.
Сол қиын қыстау кезеңде қазақстандық шахмат федерациясының серіктестері арасында жылдам турнирге қатысушылар (WRPF, WCA, Алматы марафоны және т.б.) жаттықтырушының отбасына көмектесіп, қол ұшын созды. Олар Вершинин мектебінің конкурстық жүлде қорына 350 мың теңге бөлді.
«Осы сомаға федерация 16 кВт сыйымдылығы бар кореялық Навиен қабырғалы газ қазандығын сатып алып, орнатып берді. Алматыда жылыту маусымының аяқталуына қарамастан, Алексейдің жеке үйі әлі салқын, сондықтан ол қазандықты әлі күнге дейін пайдаланылуда. Сонымен қатыр, талғарлық жаттықтырушының денсаулығын нығайту үшін дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектер де сатып алынды», – деп хабарлады қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қазақстандық федерация Алексей Вершининнің үйінде ашылған мектепке он шақты шахмат тақталарын және фигураларын, он бес электрондық шахмат сағатын және шахмат тақтасын сыйлады.
Stan.kz