Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер денесінен 16 ине табылған сәбиді видеоға түсіруге рұқсат берді

Дәрігерлер денесінен 16 ине табылған сәбиді видеоға түсіруге рұқсат берді

Денесінен 16 ине табылған сәби туралы ақпарат қаңтар айында тарады. Өзбекстан ауруханаларының біріне ауыр халде 11 айлық сәби келіп түсті. Дәрігерлер 9 сағат бойы ота жасап, сәбидің денесінен 13 инені алып шықты.

Бұл туралы Өзбекстан-24 арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Баланың денесінде әлі де үш ине бар. Алайда дәрігерлер қалған үш инені баланың жағдайы тұрақталған кезде алған дұрыс деп отыр.
Қазіргі таңда отадан кейін бір ай уақыт өтті. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді. Бала 6 ақпан күні 1 жасқа толған.
Ал баланың денесіне инелердің қандай жолмен түскені белгісіз. Оны құқық қорғау органдары анықтайтын болады. Бір анығы, ата-анасы сәбидің дене қызуы көтерілгендіктен ауруханаға жеткізген.
 Stan.kz
22 ақпан 2018 ж. 3 226 0