Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сушиді көп жеген адамның ағзасынан бір жарым метрлік құрт шықты

Сушиді көп жеген адамның ағзасынан бір жарым метрлік құрт шықты

Американың Калифорния штатында күн сайын суши жеген ер кісіден біржарым метрлік өгіз таспа құрты шықты. Бұл туралы KCRAЗ телеарнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.


Ер кісі жергілікті ауруғанадағы дәрігер Кенни Банға қанды іш өтуден қиналып жүргенін айтады. Кезекті әжетханаға барған сәтінде өзінен оғаш бірдеңенің шыққанын көреді. Ол біржарым метрлік құрт болып, оны емделуші полиэтиленді пакетке салып емханаға алып келеді. Ол дәрігерге құрттың сырттқа шыққан соң да қимыл-қозғалыста болғанын айтқан.
This Won’t Hurt A Bit эфирінде дәрігер Бан паразитті көптеген әдістермен жұқтырып алуға болатынын айтады. Бірақ емделушінің айтуынша ол осындай себепке алып келетіндей ештеңе жасамаған және елден сыртқа шықпаған екен. Алайда, ер адам сушиге деген ерекше ықыласын жасырмады, әсіресе, шикі арқан балықтан жасалатын сушилерді күнде жеп отырғанын айтты. Міне осы жағдай зақымдануға себепші болуы мүмкін.
Алдыңғы жылы Тайванда дәрігерлер қыздың денесінен ұзындығы екіжарым метрлік таспа құртын алған болатын. Ол сапасыз сушидің бір мөлшерін жеген соң осы оқиға орын алып отыр.
22 қаңтар 2018 ж. 2 958 0