Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада ерте қартаю дертіне шалдыққан баланың анасы халықтан көмек сұрады

Астанада ерте қартаю дертіне шалдыққан баланың анасы халықтан көмек сұрады

Астаналық бес жасар Ернар Әлібеков ерте қартаю дертіне шалдыққан. Бүлдіршін туа сала осы аурудан зардап шегеді. Ернарға бір ай толғанда анасы оның денесі мен бетінде әжім пайда болғанын байқап, бірден дәрігерге жүгінген. Мамандар оған асқазан мен ішектің түйілуі деген диагноз қойып, ота жасаған.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Кейін Ернар төрт айға толғанда дәрігерлер қайта тексеріп, «бастапқы гипотиреоз» деген диагноз қойған. Содан бері ерте қартаю дертіне шалдыққан бүлдіршін ем қабылдап, эндокринолог мамандардың тіркеуінде тұрады.
Ернар туыла сала ауыр дертке шалдығып терісі ерте солып, ағзасы қартая бастаған. Дәрігерлер оның жарық диагнозына шалдыққанын анықтап, сегіз айында бір, сондай-ақ 1 жас 3 айында тағы бір ота жасаған.
Бір жасынан аурухана табалдырығынан шықпаған Ернарды дәрігерлер тағы тексеріп, ақыры бастапқы иммун тапшылығы дертіне шалдыққанын айтқан. Ауру кезінде баланың тынысы тарылып, жүрегі қысылады екен.
Ал осындай өте ауыр сырқаттармен күресіп келе жатқан Ернардың қартаюына тосқауыл болатын дәрілер қымбат тұрады. Қажетті дәрілерді алу үшін шамамен 8 600 000 теңгедей қаражат керек. Баланың анасы Ернардың еміне көмектесемін дегендерден қаржылай көмек сұрайды.
Ұйымдастырушы Щелочкова Ольга, реквизиттер: сбербанк 4276 5600 2943 1170
Мегафон: 8937 148 55 54
Билайн: 8967 802 44 04
Киви-әмиян: 89370212961
pay pal vera.vdetstvo@bk.ru
Яндекс әмияны: 410016038981099

Stan.kz
03 наурыз 2018 ж. 3 624 0