Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр дертке шалдықтырар елеусіз белгілер

Ауыр дертке шалдықтырар елеусіз белгілер

Егер сіз осы белгілерге уақытында назар аударып, көмекке жүгінсеңіз, дәрігер аурудың ерте сатысында диагноз қоюы мүмкін.
Қазір айтқаныңызды сол мезетте ұмытып қалсаңыз

Сіз қазір ғана емен-жарқын сөйлесіп тұрдыңыз, кенет әңгіме тақырыбын жоғалтып алдыңыз. Егер айтқан сөзіңізді жиі ұмытып қалсаңыз және не айтқыңыз келетінін есіңізге түсіре алмасаңыз, бұл өте маңызды белгі болуы ықтимал. Мұндай күлкілі әлсіздік бас миының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуының немесе кішкене инсульттің белгісі болуы мүмкін. Бірнеше секунд ішінде бәрін еске түсірсеңіз де, мұндай жайтты елемеуге болмайды.
 
Бірнеше күн қатарынан көзіңізге бірдеңе түскендей көрінсе

Дені сау адамның көзінің көруі анық болуы тиіс және ауырмауы былшықтанбауы немесе қызармауы керек. Тағы бір алаңдатарлық белгі – түзу сызықтарды көре алмау. Сізге терезелер мен есіктердің жақтаулары толқынданып көріне ме? Бұл көру қабілетін жоғалтуға әкелуі мүмкін бұлшықет тінінің деградациясының айқын симптомы. Сонымен қатар «шымылдықтану» мен «жыпылықтауға» да назар аударған жөн. Көбінесе олар бас ауыра бастаған кезде байқалады, бірақ бас ауырмай-ақ та пайда болуы мүмкін. Сіз әлемге жұқа перде арқылы қарап отырғандай сезім болса – бұл көзде шел басының алғашқы белгісі. Көрудің кенеттен қысқа мерзімге жоғалсаңыз немесе көруге кедергі келтіретін «шымылдық» пайда болса, онда мүлдем соқыр болып қалмау үшін шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.
 
Мерекеден кейінгі асқазан қыжылы

Бұл жағымсыз сезімдер тым көп тамақтанғаннан кейін жиі байқалады. Бірақ олардың пайда болу себебінен асқазан қышқылының ішекті қабындыруы, ауызға қышқыл дәм келіп, тістерге зақым келтіруі мүмкін. Әдетте бұл белгілер кешке қарай күшейеді, ол тар киімнен немесе шалт еңкеюден болуы ықтимал. Көбінесе жүкті әйелдер мен салмағы артық адамдар асқазан қыжылынан зардап шегеді, себебі артық салмақ тамақтың дұрыс бағытта қозғалуына кедергі келтіреді. Үнемі қыжыл тыртықтың пайда болуына себепші, соның салдарынан жұтынуы қиындайды, тіпті асқазған обыры дамиды. Егер аптасына бір рет немесе одан да көп асқазаныңыз қыжылдаса – дәрігер көмегіне жүгініңіз. Тамақты аз ішіңіз, дәрігердің қышқылдарды бейтараптандыру үшін дәрі тағайындауына дайын болыңыз, ал кейбір жағдайларда тіпті өңеш қабырғаларын нығайту үшін операцияны ұсынамыз.
 
Күні бойы ұйқыңыз келіп жүрсе

Дер уақытында ұйықтағанымен, таңертең әрең тұрып, шаршағандай сезінесіз бе, күйеуіңіз сізге қорылдайсың деп шағымдана ма? Барлық пәле дем тоқтауында – ұйықтап жатқанда тыныс алудың қысқа мерзімді тоқтауы болуы мүмкін. Сіз бас ауруымен оянуыңыз, отыра сала ұйықтап кетуіңіз мүмкін. Ұйқыдағы тыныс алудың бұзылуы көлік апаттары мен басқа да жағымсыз оқиғалар туралы айтпағанның өзінде жүрек-қан тамырлары ауруларының, инсульттың, қант диабетінің қауіп-қатерін арттырады.
Сізге тез арада дәрігерге бару қажет. Артық салмақтан арылып, ішімдік мөлшерін азайту да артық етпейді.
 
Қолыңыз не аяғыңыз жиі ұйыса

Сіз жағымсыз сезімнен оянуыңыз мүмкін, себебі ұйықтап жатқанда қол немесе аяқтың қан айналымы бұзылуы ықтимал. Бұл белгі елеусіз көрінеді, бірақ егер шаншу аптасына бір рет немесе одан да көп пайда болса, дәрігерге көріну өте маңызды, себебі бұл жүйке зақымының белгісі болуы мүмкін. Бұдан басқа, үнемі шаншу инсульт пен қант диабетінің ерте белгісі болуы да ықтимал. Дегенмен көбіне жүйке зақымдануын білдіреді. Тәуекел тобына жазатайым жағдайлардан зардап шеккендер немесе жұмыста үнемі қайталанатын қозғалыстар жүргізетін қызмет түрлеріне қатысты адамдар жатады. Егер дәрі-дәрмек көмектесе алмаса, операция жасату қажет.
 
Беліңіз жуандап кетсе

Көбіне негізгі себеп – артық тамақтану. Бірақ іштің кебуі анемия мен жалпы салмақ жоғалтумен қатар жүрсе, онда ол іш қуысының, тіпті қатерлі ісік ауруларының белгісі болуы мүмкін. Жүктілік өткеннен кейін тексеруден өту керек. Егер үнемі ішіңіздің кебуін тіпті аз мөлшерде тамақтанғаннан кейін де тойынғандай сезінсеңіз, бұған қоса ішіңіздің төменгі жағы ауырса, онда тез арада дәрігермен кеңесіңіз – мұның бәрі сүт безінің обыры болуы ықтимал.
 
Аяқтың ауруы – бұлшық ет созылғандай сезім болса

Мүмкін мұның себебі физикалық белсенділікте емес, оның болмағандығынан шығар. Егер компьютерде ұзақ уақыт отырғанда немесе ұзын ұшудан кейін ауырсыну пайда болса, онда терең тамыр тромбозы болуы мүмкін. Егер Сіз бір жарым сағат бойы кеңсе үстелінде қозғалыссыз өткізсеңіз, онда аяқтың қан айналымы 50 пайызға төмендейді. Тромбоздың негізгі симптомы қызару және ісіну болып табылады, бірақ іс жүзінде тромбозы бар науқастардың 80 пайызы ғана аяғындағы ауырсынуға шағымданады. Сондықтан дәрігер қате диагноз жасап аяқты созады. Қозғалыссыз өмір салтынан басқа тромбоздың себебі жүктілік, семіздік, обыр болуы мүмкін. Тәуекел тобына 60 жастан асқан адамдар жатады.
 
Жарақатыңыз жазылмаса

Егер жара немесе бөртпе 2-3 аптадан кейін кетпей қойса, онда оған назар аудару керек. Бір қарағанда қарапайым жарақат немесе қабыну болып көрінгенімен, ол базальды жасушалық карциноманың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Тері обырының бұл түрі ерте кезеңде емделеді және ерлерде әйелдерге қарағанда екі есе көп кездеседі. Әсіресе жылы мезгілде ашық ауада көп уақыт өткізіп, күннен қорғайтын жақпаларды пайдаланбайтын болсаңыз онда самай, құлақ түбінде, бас, арқа, иық терісінде бөртпелер мен басқа да ісіктердің пайда болуын қадағалаңыз. Әдетте, базальды карцинома меланомаға қарағанда әлдеқайда баяу өтеді. Бірақ дәрігерге барар уақытыңызды неғұрлым ұзақ уақытқа созсаңыз, онда соғұрлым ауыр салдары болады.
 
Жөтел кетпесе

Бір ай құрғақ жөтел кетпесе немесе үнемі тамағың жыбырласа, онда бұл да елеуге болмайтын белгілердің бірі саналады. Бұған қоса, жұту қиынынға түсіп, тамақ тамағыңызда тұрып қалғандай сезінесіз бе?
Бұл гастроэзофагеальды рефлюксі ауруының белгісі болуы мүмкін. Ол кезде асқазандағы заттар өңешке түсіп, тітіркену тудырады . Бұған қоса, ерлер әйелдерге қарағанда үш есе жоғары тәуекелге ие. Басқа мүмкін себептері: демікпе, постназальды белгілер (төменгі тыныс жолдарының, мұрын қуысының және жұтқыншақтың қабынуы), өкпе обыры, жүрек аурулары.
reactor.inform.kz
 
03 наурыз 2018 ж. 4 799 0