Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның төрт облысында елді мекендерді су басуы мүмкін

Қазақстанның төрт облысында елді мекендерді су басуы мүмкін

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы бойынша гидрометеорологиялық болжам жасады
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Синоптиктер 3-4 наурызда республиканың төрт облысында жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.
"3-4 наурызда Қызылорда, 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Осының әсерінен қар еріп, таулы өзендер мен жазық аумақта еріген қар суы жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басуы ықтимал", — делінген хабарламада.  
Естеріңізге салып өтсек, Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялады.
 sputniknews.kz
01 наурыз 2018 ж. 1 462 0