Дүйсенбіде елімізде қар жауып, жел күшейеді

Синоптиктердің болжауынша, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-ге жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.
Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді деп болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшейеді.
Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.