15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан, Алматы облысының бұрқасын болып, жел 15-20, түнде Жарма ауданында 25 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Қарағанды облысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.