Демалыс күндері елімізде қандай ауа райы күтіледі?

Қазгидрометтің ақпаратынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Басқа күндерде тұман түсуі мүмкін.
Алдағы үш тәулікте (24-26 ақпанда) Қазақстанның таулы аймақтарында өздігінен болатын қар көшкіні болжанып отырған жоқ. Қар көшкінін болдырмас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады."Өткен тәулікте Батыс Алтай, Тарбағатай және Жетісу Алатауы тауларында жауын-шашын жалғасты. Жауған жауын-шашын қар көшкіні жағдайына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Бұрқасын мен жел соққан жоқ", — делінген хабарламада.