22-24 ақпан аралығында ауа райы құбылмалы болады

«Алдағы күндері Қазақстанның басым өңірлерінде ауа райы ауа-райы тұрақсыз болады. Кейбір жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, көктайғақ болады. Кей өңірлерде тұман түсуі мүмкін. Ресейдің еуропалық бөлігінен келетін антициклонға байланысты батыста, одан кейін республикамыздың барлық өңірлерінде ауа температурасы төмендейді»,-деп жазылған хабарламада.