Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 7 ақпаннан бастап күн қайта суытады

Елімізде 7 ақпаннан бастап күн қайта суытады

Синоптиктер 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері аяздың беті қайтып, қардың азаюына себеп болған циклон басылуда, деп хабарлайды«Қазгидромет» РМК.
Оның орнына антициклон қайта оралып, кезекті суығын әкелді. Температураның төмендеуі шамалы және қысқамерзімді болады. Өткен аптада климаттық нормадан 15-22 градус төмен болған ауа температурасы алдағы үш тәулікте нормаға жуық және одан 2-4 градусқа төмен болады. Батыс облыстарда ауа температурасы әдеттегі нормадан 3-8 градусқа дейін жоғары болады.
05 ақпан 2018 ж. 1 179 0