Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ҚАМБАШ КӨЛІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚАМБАШ КӨЛІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаев арнайы жұмыс сапарымен Қамыстыбас ауылдық округінде болып қайтты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы ең алдымен Қамбаш көлінің жағалауына табан тіреп, көл-жағалаудың жай-күйімен танысты. Осы тұста, жеке кәсіпкерлер тарапынан көл демалушыларына арналған демалыс орындарының дайындық жұмыстарын бағамдап, салықтың уақытылы төленіп отыруын ескертті. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге жағалаудың тазалығын және қоғамдық тәртіптің сақталуын баса ескертті. Одан әрі, Қамбаш көлінің жағалауынан орын тепкен «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығына бас сұғып, лагерь жұмысымен танысты. Сондай-ақ, алдағы шілде айына жоспарланған дәстүрлі «Балықшылар слетін» өткізу жайын пысықтыды.
aral.gov.kz
16 маусым 2018 ж. 2 611 0