Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАПСЫРМАЛАР ТИЯНАҚТЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

ТАПСЫРМАЛАР ТИЯНАҚТЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өтіп, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Әкімдік мәжілісінде сөз алған аудан әкімі М.Оразбаев өткен аптада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың ауданға келген арнайы сапары барысында бірқатар игі істердің, атап айтқанда, қаланың солтүстік беткейінен «Арал Сода» ЖШС «Кальцийлендірілген сода өндіру» зауытының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысуы, тіректі мекен Сексеуіл кентіндегі спорттық-сауықтыру нысанының ашылуына, сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Шижаға ауылына ауыз судың жеткізілуіне, яғни ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасуы – ауданда жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесін көрсеткендігін айтып өтті.
Одан әрі әкімдік мәжілісінің күн тәртібіне қойылған екі мәселемен таныстырды. Әкімдік мәжілісіне қойылған мәселелерге байланысты ең алдымен аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев аудан әкімдігінің ресми интернет ре­сур­сының толымдылығы жөнінде хабарлама жасап, осы бағыттағы бірқатар түйіткілді мәселелерді атап өтті. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова  оқушы­лар­дың жазғы сауықтыру демалысы, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар, аппарат мәжілісінің күн тәртібінде де бірнеше мәселелер тал­қы­ланды. Аудандық қаржы бөлімі басшы­сының міндетін атқарушы А.Асанбаевтың халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірлікте ком­муналдық меншікті берудің кейбір мәсе­ле­лері туралы хабарламасында жылдың жартысына жуығы өткенімен, бюджетті игеру жайына қалып, әлі ереже төңірегінде жүрген дербес бюджеттегі ауыл әкімдері сынға ілінді. Ал, аудан бюджетінің 5 ай­да­ғы игерілу барысы да А.Асанбаев атап өткендей көңіл көншітпейтінін көрсетті. Аудан әкімі  жағдайдың бұлайша орын алуын қаржы бөлімі тарапынан бақылаудың болмағандығымен байланыстырды.
Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлі­мінің басшысы М.Марат 2018 жылдың ІІ жарты жылдығына баспасөзге жазылуда да салғырттықтың салдарынан бірқатар меке­мелерде белгіленген меженің орындалмай отырғандығына тоқтала келе, осы апта ішінде тиісті басылымдарға жазылуды қамтамасыз ету керектігін тағы бір мәрте ескертті.
Соңғы мәселеде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және аза­мат­тық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова аудан бойынша бей­рес­­ми жұмыспен қамтылған халықты заң­дас­­­тыру жұмыстары жалғасып жат­қан­ды­­ғын, соған орай көрсеткіштердің күн сайын жоғарылап отырғандығын айта ке­ле, ме­ди­циналық сақтандыру жүйесін ен­­­гізу­­ге дайындық аясында аулаішілік тү­сін­­діру жұмыстарын жүргізуге медицина қыз­­мет­керлері де бірлесе қатысса, айтар­лықтай оң нәтиже беретіндігін ортаға салды.
12 маусым 2018 ж. 1 081 0