Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі болып өтті.
Жиын басында аудан басшысы ең алдымен аудан әкімі аппаратында орын алған бірқатар кадрлық өзгерістерге тоқталды. Одан әрі әкімдік мәжілісінің күн тәртібіне қойылған өзекті деген екі мәселені атап өтті. Бірінші мәселе бойынша, яғни, аудан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Мұсаев және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Сатекеева хабарлама жасап, қазіргі таңда аудан көлемінде қолға алынған алдын алу шараларын баяндап өтті. Одан әрі аудандық қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Асанбаев күн тәртібіндегі екінші мәселе, аудан бюджеттінің төрт айдағы игерілуі туралы баяндама жасады. Екі мәселеге байланысты жүйелі жұмыстарды уақытылы орындауды тапсырған аудан әкімі қаржыны игеру мәселесі күн тәртібінен түспейтіндігін ескертіп, әкімдік мәжілісін қорытындылады.
Жиын барысы одан әрі аппарат мәжілісіне ұласты. Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру және орындаушылық тәртіптің жағдайы, аудандағы салық түсімдерінің орындалуы және 2018 жылдың II-жартыжылдығына баспасөзге жазылу жұмыстары қаралды. Аппарат мәжілісінде көтерілген бірінші мәселеге орай аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев арнайы хабарлама жасап, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылуы тиіс шараларды атап өтіп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электорнды үкімет арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ортаға салды. Аталған мәселе біршама талданып, бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түсу керектігін айтқан аудан әкімі жиынға қатысушыларға Елбасының тапсырмасына орай цифрландыру жүйесін жаппай жүзеге асыруды тапсырды. Мұнан соң, аудандағы салық түсімдерінің жай-күйі және газетке жазылу шараларының барысы тыңдалып, ұсыныс-пікірлер айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.
19 мамыр 2018 ж. 1 470 0