ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ

Еркін форматта өткен кездесуде алғаш сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыруды тапсырып отырғанын тілге тиек етеп, қазіргі таңда бар сала электронды жүйеге қарқынды түрде бет алып келе жатқанын атап өтті. Осыған орай, еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар бүгінгі мектеп шәкірттері заман көшінен қалмай, білікті де білімді болуы үшін ең алдымен жаңалықтарды барынша меңгеру қажеттігін айта келе, оларға жағдай жасау, материалдық базасын нығайту баршамыздың ортақ міндетіміз екендігін жеткізді.
Осы ретте, аудандағы білім саласын жетілдіре түсу бағытында ұстаздар мен мамандар өздерінің ұтымды ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Осылайша, цифландыру бағытында кедергі келтіріп тұрған түйіткілді мәселелер ашық айтылып, оны шешу жолдары да назардан тыс қалмады. Осы ретте, аудан әкімі аппаратының басшысы бұл саланы жетілдіру мақсатында облыстан білім бөліміне арнайы планшеттер мен интерактивті тақталар алынып, бірқатар мектептерде «робототехника» кабинеттерін ашу жоспарланып отырғанын айтты.