Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АРАЛДА МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін, жан – жақты жетілген, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқаратыны сөзсіз.Қазіргі таңда осы білім ошақтарындағы мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші мәселе – Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің көрсеткіші. 
Осы орайда күні кеше аудан әкімі М.Оразбаевтың және аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадиновтың қатысуымен аудандық мәдениет үйінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық барысы туралы жиналыс өткізді. Жиынға аудандық білім бөлімі, ауданға қарасты барлық мектептің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. 
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова жыл көлемінде түлектерді ҰБТ-ға дайындау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде және оқушылардың деңгейін анықтау мақсатынгда өткізілген сынама тесттердің нәтижелерін баяндап өтті. Сонымен қатар, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі екендігі, сондықтан да бұл маңызды жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарау керектігі жан-жақты талқыланып, аудан әкімі тарапынан нақты тапсырмалар берілді.
05 мамыр 2018 ж. 1 639 0