Тұрақты комиссия отырысы өтті
Жақында Арал аудандық мәслихаттың біріккен тұрақты комиссиялары отырысы болып өтті. Оған аудан әкімі М.Оразбаев, аудан әкімінің оранбасары, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары және бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Б.Прекеев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Аталған отырыстың күн тәртібінде «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы мәселе көтерілді. Бұл жөнінде аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадинов хабарлама жасады.
Аудандық мәслихаттың біріккен тұрақты комиссиялары отырысының күн тәртібіндегі мәселе қаралып болған соң, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 және 15-баптарына сәйкес Арал аудандық мәслихаттың біріккен тұрақты комиссиясы қаулы қабылдады. Осылайша, талқыланған мәселені аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясының күн тәртібіне енгізу жөнінде ұсыныс қабылданып, ол бір ауыздан мақұлданды.