Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАСИЕТТІ ҚАРА ШАҢЫРАҚҚА – 60 ЖЫЛ !

ҚАСИЕТТІ ҚАРА ШАҢЫРАҚҚА – 60 ЖЫЛ !

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандағы іргелі білім ордасы - №71 орта мектептің 60 жылдық мерейтойы атап өтілді.Мерейтойға жиналған құрметті қонақтар, ардагер ұстаздар мен түлектер мектеп ғимаратында болып, қолөнер бұйымдары мен робототехника көрмесін және мектеп тарихынан сыр шертетін фотогалереяны тамашалады.
Аталмыш мерейтой аудандық мәдениет үйіндегі конференциямен жалғасты. Алдымен білім ордасының арғы-бергі тарихы жинақталған «Қасиетті қара шаңырақ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Бұл кітапта мектеп тарихы туралы естеліктер, осы мектепте жұмыс жасаған ұлағатты ұстаздардың еңбектері, түрлі салада қызмет етіп жүрген түлектердің тұлға болып қалыптасуындағы ұстаздар еңбегі мен мектеп тәлімінің маңыздылығы баяндалған.
Конференцияда алғаш болып сөз алған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы мектеп тарихы мен жетістіктеріне тоқталып, жиналған қауымды мерейтоймен құттықтады. Сонымен қатар, ардагер ұстаздар мен білім ордасының түлектері де мектеп өміріндегі есте қалған қызықты сәттерімен бөлісіп, өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.
Жиын соңында білім беру саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп келген бірқатар ардагер ұстаздар мен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жетістіктерге жетіп жүрген мектеп мұғалімдері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
19 қараша 2018 ж. 2 195 0