ТАРИХЫ ТЕРЕҢ БІЛІМ ОРДАСЫНА 90 ЖЫЛ

Нақтырақ айтқанда, мерейтойды атап өту Арал индустриалды-техникалық колледжінен бастау алып, шараға аудан басшысы М.Оразбаев, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымова, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Р.Байназарова, аудандық мәслихат хатшысы және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіптік білім беру саласының ардагерлері, әлеуметтік серіктестер мен облыс аумағындағы 13 кәсіптік-техникалық бағыттағы колледждердің директорлары, БАҚ өкілдері арнайы қатысты.
Мерейлі мерейтойда бас қосқандар шара барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, шәкірттердің дәрістеріне және тігінші, балық өңдеуші мамандардың жұмыстарына куә болды. Сонымен қатар, өткен тарихтан сыр шерткен мұражайды тамашалап, «Кәсіптік көкжиегін кеңейткен білім ұясы» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты.