Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Функционалдық сауаттылықты дамыту–басты міндет

Функционалдық сауаттылықты дамыту–басты міндет

2012 жылы 27 қаңтардағы  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған-ды. Міне, осы тұрғыда еліміздегі білім ошақтары түрлі деңгейдегі жұмыстар атқарып келеді.
Оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру–білім беру процесінің негізі болып табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз–оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектептен алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Олардың функционалдық сауаттылығы біріншеден үйде, яғни, отбасынан басталады. Өйткені, ата-аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің бірі болып көрсетілген. Ал, екіншіден мектепте басталады. Оның жүрегі–мұғалім. Бұл тұрғыда оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардыңойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бағытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Сол үшін мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Иә, оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі, оқушының кез келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса, «Математиканың қорғанын тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдына келген шәкірттерге, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім алуы үшін ұстаздар қауымы аянбай еңбек етуі керек. 

Ш. Таспанова,
№83 орта мектеп мұғалімі.
01 ақпан 2018 ж. 4 328 0