МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ҚҰДАЙБЕРГЕН САРЖАНОВТЫҢ ЖЕКЕ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

Аталмыш шараға аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы қатысып, мұражайдың маңыздылығына тоқталып, жиналған көпшілікті жаңа мұражайдың ашылуымен құттықтады.
«Суреттер сыр шертеді» деп аталатын бұл тарихи мұражайда Арал ауданына және осы өңірдегі балық шаруашылығына қатысты деректер, фотосуреттер мен экспонаттар сақталған.
Мұражайдың ашылу салтанатынан соң, Құдайберген Саржановтың замандастары, шараға қатысушы қонақтар жаңа мұражайды аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.