Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ЕСЕП БЕРДІ

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Аудандық мәдениет үйі ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтың қатысуымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды-деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің басшысы Т.Дәрменов баяндап өткендей аталған сала өткен жылды біршама жақсы табыстармен аяқтаған. Атап айтар болсақ 2017 жылы аудан бойынша 1273 мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 258000 мыңға тарта аудан тұрғындары қамтылған. Соның ішінде, басты шараларға келсек, өткен жылы қоғамдық саяси шаралар тізбесіне енген республикалық, облыстық деңгейдегі бірқатар шаралар өтті. Атап айтқанда: халықаралық балықшылар слеті аясында «Айдыны құт, ақ желкенді Аралым», Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың 70 жылдығына орай Алматы қаласында еске алу кеші, мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы балық шаруашылығы министрі, ардагер Құдайберген Саржановтың 80 жылдығы, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Мырзан Сахиұлы Кенжебайдың Қызылорда қаласында 70 жылдық мерейтойы, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, ҚР-ның мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ақын-жырау, композитор, сценарист М.Сыдықовтың облыс әкімінің тікелей қолдауымен шығармашылық кеші өтіп, жинақтары жарық көрген. Сонымен қатар, ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтың 90 жылдық еске алу кеші және Нұртуған Кенжеғұлұлының 130 жылдық еске алу кештері мен облыстық деңгейде ақындар айтысы де кең көлемде өткізілген.
Бүгінде мәдениет саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де өткен жылда қол жеткізген жетістіктері баршылық. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Б.Шөкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» республикалық әншілер байқауына Ғ.Бектұрсынов, «Ақмаңдайлым» республикалық әншілер байқауына С.Сейітова қатысып алғыс хаттармен марапатталса, «Ұлағат» ардагерлар ансамблі Қызылорда қаласындағы облыстық байқаудан жүлдемен оралып, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу қарсаңында «Мәртебелі Қазақстан» облыстың сценарийлер байқауында Аманөткел ауылдық мәдениет үйінің директоры С.Жаңабаев бас жүлдені иеленген. Сондай-ақ, халықаралық «Бөзторғай» бауқауында дарынды термешіміз, айтыскер ақынымыз Б.Орынбасаров бас жүлдеге ие болса, көрме қарсаңындағы мәдени үгіт бригадаларының облыстық байқауында аудандық мәдениет үйінің үгіт бригадасы бас жүлдені иеленген. Бұдан бөлек жерлесіміз М.Сыдықовқа Ел Президентінің жарлығымен «Құрмет ордені » берілді. Мемлекеттік тіл саясатын жүргізу бағытында да айтарлықтай жетістіктер орын алған.
Осылайша есепті мерзімде атқарылған жұмыс легі баяндалған жиында мәдениет саласы бойынша шешуді қажет ететін түйіткілді мәселелер де сөз болды. Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары жиында ұсыныс-пікірлерін білдірген мекеме, кәсіпорын басшыларына тиісінше жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелерді шешу бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
28 ақпан 2018 ж. 2 312 0