Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі коронавирус: 25 мамырдағы таңертеңгі жағдай

Әлемдегі коронавирус: 25 мамырдағы таңертеңгі жағдай

25 мамыр күні таңертең әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 5,4 миллионнан асты. Мұны Джон Хопкинс университетінің жобасынан алынған деректер дәлелдейді.

Университеттің мәліметі бойынша, COVID-19-бен әлемде 5406537 адам ауырды, 345036 науқас инфекцияның құрбанына айналды, тағы 2168528 адам айықты.Инфекция жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы ондыққа мына елдер кіреді:
АҚШ - 1643098 жұқтырды, 97698 адам көз жұмды,
Бразилия - 363211 ауру жұқтырды, 22666 адам көз жұмды,
Ресей - 344481 жұқтырды, 3541 адам көз жұмды,
Ұлыбритания - 260916 ауру жұқтырды, 36875 көз жұмды,
Испания - 235772 жұқтырды, 28752 көз жұмды,
Италия - 229858 жұқтырды, 32785 көз жұмды,
Франция - 182709 жұқтырды, 28370 көз жұмды,
Германия - 180328 жұқтырды, 8283 көз жұмды,
Түркия - 156827 жұқтырды, 4340 көз жұмды,
Үндістан - 138536 жұқтырды, 4024 көз жұмды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқпасын жұқтырғандар саны 5206614-ке жетті, 337736 адам көз жұмды. Бір күнде әлемде 109885 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді. Инфекциялардың көпшілігі Америкада тіркелген - 2338124.
Қазақстанда 8531 адам коронавирус жұқтырды.
25 мамыр 2020 ж. 619 0