Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі коронавирус: 21 мамырдағы таңертеңгі жағдай

Әлемдегі коронавирус: 21 мамырдағы таңертеңгі жағдай

21 мамырда таңертең әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 4,9 миллионнан асты. Бұған Джон Хопкинс университетінің жобасының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды  stan.kz ақпарат агенттігі.

Алайда Worldometers порталының деректері бойынша әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны бес миллионнан асқанын көрсетеді. 328186 адам көз жұмып, екі миллионнан астамы емделді.
Сонымен қатар, 2,7 миллион инфекция белсенді күйінде қалып отыр. Оның ішінде 2,68 миллион науқас (98 пайыз) орташа ауырлықта, ал 45769 науқас ауыр жағдайда.
Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, анықталған жағдайлар саны бойынша көшбасшы, жұқтырған науқастар саны 1,51 миллион адамнан асқан АҚШ болып қала береді. Екінші орында Ресей (308,7 мың), Бразилия - үшінші (271 мың), Ұлыбритания - төртінші (250 мың), Испания - бесінші орында (232 мың).
21 мамырда таңертең Қазақстанда COVID-19-тің 6969 жағдайы тіркелді. Емделгендер - 3734, көз жұмғандар - 35.
Бұған дейін ДДҰ коронавирус пандемиясының екінші толқыны туралы ескерткен болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович елдерді карантинді жеңілдету туралы ескертті және жағдайды бақылаудан шығару өлім-жітімнің жоғарылауына әкелуі мүмкін деді.
21 мамыр 2020 ж. 731 0