Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда автобустарды жүргізуге әйелдерге рұқсат берілді

Өзбекстанда автобустарды жүргізуге әйелдерге рұқсат берілді

Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің хабарлауынша, министрлер кабинетінің тиісті шешіміне сәйкес жүк көліктері мен автобустарды әйелдердің басқаруына қойылған шектеу алынып тасталды. Бұл туралы UzA хабарлады.

Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі мен Кәсіподақ ұйымдары федерациясы кеңесі белгілеген кейбір шектеулер негізінде әйелдерге жүк көліктерін немесе автобустарды, «С» немесе «D» санаттарына жататын көліктерді басқаруға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

Енді жүк көтерімділігі 2,5 тоннадан асатын жүк көліктері мен 14 жолаушыдан асатын автобустарды әйелдердің тізгіндеуіне құқықтық негіз жасалды.

Осылайша, елде көлік саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және үлкен сыйымдылықты автобустарды жүргізуге әйелдерді тартуға мүмкіндік туды.

Ақпарат көзі: inform.kz
14 ақпан 2024 ж. 426 0