Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айында III Карл бейнеленген банкноттар шығарылады

Маусым айында III Карл бейнеленген банкноттар шығарылады

Ұлыбритания купюраларындағы патшайым II Елизавета бейнесін британдық жаңа монарх портреті алмастырады, деп жазады Euronews.

Ұлыбритания королі III Карл суреті бар банкноттар маусым айында айналымға шығады, деп хабарлады Англия банкі.

Ескі банкноттардың (айналымда қалады) жаңадан айырмашылығы – оларда патшайым II Елизаветаның орнына оның өткен жылы британ тағына отырған ұлы бейнеленеді.

Монархтың портреті 5, 10, 20 және 50 стерлинг купюраларында болады.

Жаңа банкноттардың алғашқы партиясы аукционда сатылады. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
22 ақпан 2024 ж. 423 0