Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АРАЛ АУДАНЫ ГІР СПОРТЫНДА АЛДАН КӨРІНДІ

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АРАЛ АУДАНЫ ГІР СПОРТЫНДА АЛДАН КӨРІНДІ

Жалағаш ауданында 9–13 қазан күндері өтіп жатқан «Алтын күз – 2026» XXXIX облыстық спартакиадасы аясында гір спортынан өткен жарыста Арал ауданының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді.

Бұл жеңіс – спортшылардың табандылығы мен төзімділігінің, үздіксіз жаттығуы мен жарысқа тыңғылықты дайындығының жемісі. Күш пен шымырлықты, ептілік пен жігерді талап ететін гір спортында топ жару – үлкен еңбектің нәтижесі.
Облыстық деңгейдегі дүбірлі додада Арал ауданының намысын абыроймен қорғаған спортшылар өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олардың бұл жетістігі аудан спортының дамуына серпін беріп, жас спортшыларға үлгі болары сөзсіз.

Жеңіс жолында тер төккен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толайым табысқа жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

13 қазан 2026 ж. 40 0