Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЛТЫН КҮЗ – 2026»: Арал ауданының қыздар командасы волейболдан ІІІ орын иеленді

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: Арал ауданының қыздар командасы волейболдан ІІІ орын иеленді

Жалағаш ауданында 9–13 қазан аралығында өтіп жатқан «Алтын күз – 2026» XXXIX облыстық спартакиадасы аясында волейболдан қыздар командалары арасында өткен жарыста Арал ауданының командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жарыс барысында аралдық спортшылар жоғары ойын деңгейін көрсетіп, командалық бірліктің үлгісін танытты. Нәтижесінде аудан намысын абыроймен қорғап, облыстық спартакиаданың жүлдегерлері атанды.

Арал ауданының қыздар командасын қол жеткізген жетістігімен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда сәттілік пен толағай табыс тілейміз!
13 қазан 2026 ж. 38 0