РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Биыл ауданымызда XIХ-мәрте өткізілген турнирге еліміздің 7 аймағынан жалпы саны 25 команда қатысып, үздік үш команда жүлделі орынды өзара бөлісті.
Сайыс қорытындысына сәйкес І-орынды Қызылорда облыстық №2 ОРМБЖМ-нің командасы жеңіп алды, ІІ-орын Маңғыстау облысы, Басқұдық БЖСМ-нің командасына бұйырды. Ал, Түркістан облысы, Шардара БЖСМ-нің командасы жүлделі ІІІ-орынға табан тіреді.
Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі жарыс аясында бірқатар қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі номинациялармен марапатталды.