Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

АРАЛДА ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Арал ауданында ағымдағы жылдың 10 сәуірінде басталған 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» республикалық лигасының облыстық іріктеу жарысы мәресіне жетті. Ауданымыздың белгілі азаматы, «Жанар и Ка» толық серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты болған Алмат Аманұлы Балшамбаевты еске алуға арналған турнир қорытындысы бойынша Арал ауданының командасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында үстіміздегі жылдың 16-24 мамыры аралығында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Ал, II-орын Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейінің командасына бұйырса, III-орынды Сырдария ауданы, №210 орта мектебінің командасы иеленді. Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойын көрсеткен қатысушылар бірқатар номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік шабуылшы» - Сұлтанбек Дияс, Жалағаш ауданы, «Үздік қақпашы» - Дулат Айтбаев, Сырдария ауданы, «Мерген шабуылшы» - Дияс Қайратбек, Қазалы ауданы, «Үздік қорғаушы» , «Үздік жартылай қорғаушы» - Бекарыс Алданов, Арал ауданы.
13 сәуір 2018 ж. 1 511 0