Республикалық турнир жеңімпаздары анықталды

Асқат Ахановты еске алуға арналған турнир үстіміздегі жылы 1 наурыз күні №64 орта мектепте бастау алған болатын. 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім волейболшы қыздар арасындағы республикалық турнир 4 күнге созылып, жеңімпаз командалар анықталды. Еліміздің 5 облысынан қатысқан жалпы саны 16 команданың арасынан жерлестеріміз жүлделі орынға табан тіреді.
Арал ауданы әкімінің орынбасары Е.Әбішевтың қатысуымен өткен қорытындылау шарасында Арал ауданының командасына ІІІ орын табысталса, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының волейболшы қыздары ІІ орынды иеленді. Ал, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының командасы жарыс жеңімпаздары атанды.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша бірқатар қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі номинациялармен марапатталды.
О. ЖОЛДАСОВ.