АСҚАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Биыл ауданымызда XVII-мәрте өткізілген турнирге еліміздің 5 облысынан жалпы саны 16 команда қатысып, үздік үш команда жүлделі орынды өзара бөлісті.
Сайыс қорытындысына сәйкес Арал ауданының командасы жүлделі ІІІ-орынға табан тіресе, ІІ-орын Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының командасына бұйырды. Ал, бас жүлде І-орынды Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі жарыс аясында бірқатар қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі номинациялармен марапатталды.