Волейболдан А.Ахановты еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Айта кетейік, биыл ауданымызда XІX мәрте өткізіліп жатқан турнирге еліміздің 7 аймағынан: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 25 команда, құрамында жалпы саны 300-ге жуық жасөспірім қыздар қатысып, бақ сынауда.
Төрт күнге жоспарланған жарыстың ойындары Арал қаласындағы №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінде және №14 мектеп-лицейдің спорт залдарында өткізіледі.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі