АСХАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов қатысып, өз сөзінде №62 орта мектептің түлегі, белгілі волейболшы А.Ахановтың өмір жолына тоқталып, спортшымыздың қалдырған өнегесі мен ізін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында еске алу турнирінің жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Ахановтар әулетінің атынан ағасы Алпамыс ағай сөз алып, Асхаттың спорт саласындағы жетістіктіктерін айта келе спортшыларға сәттілік тіледі.
