ВОЛЕЙБОЛДАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, спортсүйер қауымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, аталмыш турнирдің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының волейбол федерациясының вице-президенті Бақытбек Кеңесов сөз алып, Сыр еліндегі спорт жетістіктерін айтып өтті.
Облыстық турнирде Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы, Арал аудандарының және Байқоңыр қаласының құрама командалары бақ сынауда.