ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Бүгін аудан орталығында волейболдан Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Еламан Әбдіреевті еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті.Турнирдің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев қатысып, Еламан Кеңесұлының ерлігіне тоқталып, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.
- «Бүгін біз киелі Арал топырағында дүниеге келген, Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Еламан Әбдіреевті еске алуға арналған аудандық турнирде бас қосып отырмыз.
Еламан Кеңесұлы –табандылығымен, елге деген сүйіспеншілігімен халық жадында қалған арда азамат. Оның ерлікке толы ғұмыры – жас ұрпаққа үлгі.Бүгінгі волейбол турнирі – батырдың рухына тағзым ету, ерлік жолын дәріптеу және жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! Бірлік пен достық рухы үстем болып, жарыс жігер мен намысқа толы болсын!»,- деді Нұрмұхамет Омарұлы.
Турнир қорытындысымен ерлер арасында өткен жарыста жүлделі І орынды «Аралтұз» топтық құрамасы иеленсе, ІІ орынды «Ұстаз» командасы, ІІІ орынды «Арал аудандық көпсалалы колледж» командасы қанжығалады.
Ал қыздар арасында І орынды «Шижаға» елді мекенінің командасы, ІІ орынды №19 ОРМБЖМ, ал ІІІ орынды «Ұстаз» командасы иеленді.
Аталмыш аудандық турнирге өңірден 9 команда құрамында 100-ге жуық волейболшылар қатысып, бақ сынасты.









