Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Раян – ел чемпионатының екі дүркін жеңімпазы

Раян – ел чемпионатының екі дүркін жеңімпазы

Қарағанды қаласында өтіп жатқан грек – рим, еркін және әйелдер күресінен U15 жасөспірімдер және U23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының 10 сәуір күнгі бағдарламасы бойынша әйелдер күресінен U15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында күрескен №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спортшысы Раян Жамсапқызы 42 кг салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, ел чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды.
Раян 2024 жылы ҚР чемпионатында 39 кг салмақ дәрежесінде алтын жүлде иеленген болатын. Арал қаласындағы №13 орта мектепте оқыған, қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжінің 8 сыныбында оқиды.
Спортшының жаттықтырушылары – Бауыржан Жүсүпов (№19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі), Мейрамбек Рахметов (спорт интернат).
Сонымен қатар, әйелдер күресінен Қызылорда облысының (U15) жасөспірім қыздар құрама командасы жалпы командалық есепте 1 орын иеленді.
Барша аудан спортының жанкүйерлерін жеңістерімен құттықтай отырып, спортшымыздың алдағы жарыс жолына сәттілік тілейміз!
"Толқын" ақпарат
12 сәуір 2025 ж. 49 0