Алпамыс – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Алпамыс Сыр елінің спорт тарихында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Әлем чемпионатында жүлдегер атанған алғашқы спортшы. Сонымен қатар, грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы және 3 дүркін ҚР чемпионатының жеңімпазы.
Қазіргі таңда мақтанышымыз Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат - колледжінің студенті.
Бозкілем төрінде атой салып жүрген аралдық чемпионның жаттықтырушылары – жоғары санатты жаттықтырушылар Т.Қожекенов, Б.Төлебаев (№19 Арал ОРМБЖМ) және Д.Кегенбаев (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжі).
Жеңістеріңіз құтты болсын жерлестер!

